Личный блог акима

Навигация

Информация

Фотогалерея

Баннеры

Информация

Программа «Дорожная карта занятости 2020»

.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жобалар
 
Елбасының «алдымен экономика- содан соң саясат» деген ұстанымы ел экономикасын біршама ілгерілетті. Осы мақсатта заң жобалары жасалып, бағдарламалар іске асты. Ел экономикасын жақсарту үшін жұмыссыздықты жою қажет. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы жұмыссыздықпен күресу үшін жасалған тың бастама. Бағдарлама аясында аудан көлемінде бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жалпы                                        53 инфрақұрылымдық  жоба қолға алынды, оған  2 млрд 620 млн 308 мың теңге қаражат бөлініп, 334 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде  165 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылатын болады. 
Бағдарлама аясында білім беру саласы бойынша 36 жоба қолға алынды. Сарыбастау ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 550 млн 789 мың теңге және 35 мектептің ішкі дәретханасын ағымдағы жөндеуге 134 млн 267 мың теңге  көлемінде қаражат бөлінді. Аталған жұмыстарға 153 адам қосымша жұмыспен қамтылатын болады.
Спорт саласы  бойынша Қоғалы ауылындағы стадионды жөндеу қолға алынып, оған 58 млн 190 мың теңге қаражат бөлінді. Осы бағытта 10 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда жұмыстың 80%-ы аяқталды. Нысан тамыз айының 30-ы күні аяқталуы тиісті, алайда мерзімінен бұрын тапсырылуы мүмкін деп жоспарлануда.                                                          
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша абаттандыру жұмыстары аясында Қоғалы ауылындағы шағын футбол алаңын, спорт және балалар алаңын орнату жұмысына 19 млн 013 мың теңге қаражат бөлінді.  Сондай – ақ, Қоғалы ауылындағы Жастар саябағын абаттандыру және ҰОС ескерткішін ағымдағы жөндеу жұмысытарына 48 млн 600 мың теңге бөлінді.  Қызылжар ауылындағы ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті жөндеу жұмысына 7 млн 447 мың теңге бөлінді. Жұмыс барысында 19 адам жұмыспен қамтылатын болады. 
Түнгі көшелерді жарықтандыру жұмысына 3 жоба ұсынылды. Атап айтқанда Қарашоқы және Қоғалы ауылдарының түнгі көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 216 млн 247 мың теңге,  Сарыөзек ауылында 866 дана  көше шамдарын энергия үнемдегіш жарық диодты шамдарға ауыстыру жұмыстарына 64 млн 950 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар жүргізілген  бағытта              40 адам жұмыспен қамтылды. 
Ауыз су жүйесі бойынша  Доланалы және Онжас ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту мен құрылыс жұмысына 405 млн 717 мың теңге бөлініп, 32 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.                                                                                  
         Кербұлақ ауданының Алтынемел ауылдық округіне қарасты Алтынемел, Тастыбастау, Қызылмектеп, Қарлығаш, Байғазы ауылдары және Сарыбастау ауылдық округіне қарасты Сарыбастау,  Малайсары, станция Малайсары ауылдарының ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 493млн 132мың теңге және Байғазы, Көкбастау, Сайлыкөл, Шилису, Күреңбел ауылдарының кірме жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 573 млн 956мың теңге бөлінді. Жол жөндеу жұмыстарына жалпы  1млрд 67млн 89 мың теңге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Қазіргі таңда Алтынемел және Сарыбастау ауылдарының ішкі көшелері аяқталу сатысында. Сондай-ақ, Тастыбастау, Малайсары, станция Малайсары ауылдарының ішкі жолдарымен Байғазы ауылының кірме жолын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. 
             ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша туристік объектілердің санитарлық-гигиеналық тораптарын орнату қолға алынды. "Алтынемел"МҰТП аумағын санитарлық-гигиеналық тораптармен жайластыру үшін 48 млн теңге қаражат бөлінді. Жоба бойынша 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.                                                                         
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.