Личный блог акима

Навигация

Информация

Фотогалерея

Баннеры

Информация

Тезис акима Кербулакского района за 2018 год

Кербұлақ ауданының әкімі М.С. Бигелдиевтің

«2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындысы және 2019 жылға міндеттері туралы»

аудан тұрғындарымен есеп беру кездесулеріндегі

 есепті баяндамасының желісі

Құрметті аудан тұрғындары!

2018 жылы ауданымызда әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған жұмыстар жалғастырылып, жыл қорытындысы бойынша экономикалық даму тұрақты өсуде.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында туындайтын міндеттерді орындау бойынша ауданымызда нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Өткен жылы әр қазақстандықтың мақтанышы – Елордамыз Астананың 20 жылдығы тойланды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміз толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінгі танда Қазақстан – әлемдегі іргелі мемлекеттердің қатарына қосылып, Президентіміздің пікірімен әлем саясаткерлері санасатын күнге жеттік.

Құрметті күреңбелдіктер!

Аудан әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.

2018 жылдың 15 қаңтарынан 7 ақпанына дейін барлығы 63 есептік кездесулер өткізілді. Барлық деңгейдегі әкімдердің ағымдағы жылғы есеп беру кездесулерінде 17 ұсыныс пен ескерту келіп түсті, оның ішінде 13-і  аудан әкімінің есепті кездесулерінде айтылған. 16 іс-шара 2019 жылдың 1 қаңтарына орындалды, 1 – іс-шара 2019 жылы толық аяқталады.

Барлық ұсыныстар мен ескертулер әлеуметтік сипатта болды, соның ішінде 3 сауал – ауыз су мәселесі, 7 сұрақ – елді мекендердің ішкі және кірме жолдарын жөндеу бойынша, 3 сұрақ – білім беру, денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және салу жөнінде мәселелер көтерілді.

Есеп беру қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру барысында аудан жұртшылығының айтқан ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

Аудан әкімінің есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша жоспарға енгізілген 13 іс-шараның 12-сі жүзеге асырылды:

  • Тастыбастау ауылының ауыз су жүйесінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарына 78 млн. 400 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 2,8 км ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

  • Шұбар ауылындағы Шұбар орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 363 млн. 985 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні жаңартылған мектеп ғимараты қолданысқа берілді.

  • Қаспан ауылының 8,5 шақырым ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы көлемі – 165 млн. 917 мың теңгені құрады.

  • Майтөбе ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарына 117 млн. 600 мың теңге қаржы бөлініп, қолданысқа берілді.

  • Қоғалы ауылының Желтоқсан көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 млн. 701 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

  • Жоламан ауылының кірме жолына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.  Аталған жұмыстарға 400 млн. теңге қаржы бөлінді.

  • Қызылжар ауылының Абай көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 20 млн. 517 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

  • Ақбастау ауылының  негізгі мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн. 597 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • Ауданымыздың 13 елді мекеніне қызметтік үймен қосарланған учаскелік полиция пунктерінің құрылысына жергілікті бюджеттен 252 млн. 408 мың теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні пайдалануға берілді.

  • Сарыөзек ауылының 8 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 114 млн. 270 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

  • Басши ауылының ішкі жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн. 999 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

  • Бүгінгі күні Қарағаш ауылына кірме жолының орташа жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттырын әзірлеуге 24 млн. теңге бөлініп, құжаттары дайындалды. Үстіміздегі жылы бұл жолдың жөндеу жұмыстарына 335 млн. теңге бөлініп, 14 шақырым жол жөндеуден өтетін болады.

  •  Сарыөзек ауылынан 250 орындық емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 15 млн. 804 мың теңге бөлініп, құжаттар ағымдағы жылы дайын болады.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулеріндегі ескертулер бойынша ауданымызда айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Құрметті аудан тұрғындары!

2018 жылы ауданымыз экономикалық, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп және мәдениет салаларында межелі жұмыстар атқарылып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд. 880 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 278 млн. теңгеге өсті. Нақты көлем индексі 102 % құрады.

Бүгінгі күні «Өңірлерді индустрияландыру картасына» енгізілген «Ала Цем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цемент зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 47 млрд. теңгені құрайды.   2018 жылы игерілген қаржы – 27 млрд теңге. Кәсіпорынды 2019 жылдың қараша айында іске қосу жоспарланған. Нысанның іске қосылуымен 500 жаңа  жұмыс орны ашылады. 2018 жылдың қаңтар айында өнімділігі – 1000 тн. өсімдік майын шығаратын «Риза май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорыны іске қосылып, 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнімі Қытай Халық Республикасына экспортқа шығаруға бейімделген. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Жарық Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көктал өзенінің бойынан қуаттылығы 50 МВт – ты құрайтын ГЭС құрылысын бастау жоспарланған. Жобаның құны 27 млрд. теңгені құрайды.

Агроөндірістік кешені.

Ауданымыздың жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі – 32 млрд. 512 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,5 % болды. Оның ішінде: өсімдік өнімдерінің көлемі – 16 млрд. 518 млн. теңге, мал өнімдері – 15 млрд. 994 млн. теңгені құрады. (Облыс көлеміндегі үлес салмағы – 4,6 %).

2018 жылы аудандағы ауылшаруашылық тауар өндірушілері 423 млн теңгеге, 20 жаңа техникалар сатып алды.

Аудан аумағында 388 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіре отырып 8 ауылшаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде.

Ауылшаруашылығы  дақылдарының егістік алқабы 2017 жылмен салыстырғанда 2 мың 745 гектарға артып, 110 мың 675 гектарға жетті. Барлығы 89 мың 475 гектар дәнді дақылдан түсімділігі 21 центнерден 187  800 тонна астық алынды.

Ағымдағы жылдың есебіндегі 25 000 гектар алқапқа күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалды.

Аудандағы шаруашылық құрылымдарында 56 764 бас мүйізді ірі қара, 282 622 бас қой-ешкі,  17 771 бас жылқы, 71 бас түйе, 369 бас шошқа және 65 439 бас құс өсірілуде.

Фермерлік  шаруашылықпен 2 980  бас ірі қарасы бар 15 шаруа қожалығы айналысуда. Оның ішінде тауарлы сүт  фермасымен 7 шаруа қожалығы, бордақылау ісімен 8 шаруа қожалығы айналысады. Асыл  тұқымды мүйізді ірі қарамен 7 шаруашылық айналысады, онда 2 440 бас мүйізді ірі қара малы өсірілуде. 9 шаруа қожалығында асыл тұқымды 5 055 бас қой есепке алынған. 8 мал бордақылау алаңында 2 127 бас ірі қара бордақыға қойылған. 80 тонна ет экспортқа өткізіліп, жоспар 100 %  орындалды.

2018 жылы 10 045 тонна ет, 41 213 тонна сүт, 491 тонна жүн өндірілді.

 Шағын және орта бизнес.

Аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 3 837 субъект тіркелген. Жеке кәсіпкерлер – 1 478. Ауылшаруашылығы саласында 2 195 нысан жұмыс істеуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлікте 12 972 адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақы мөлшері 100 мың теңгені құрайды. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 350 млн. теңгені құрады.

2018 жылы шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім көлемі 102 пайыздық өсіммен 11 млрд. 728 млн. теңгеге жетті.

2019 жылға белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны   3 243 бірлікке, және осы салада өндірілген өнім көлемін 102 пайыздық өсіммен 11 млрд. 962 млн теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция саласы бойынша.

2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд. 165 млн. теңгені құрады, ал өсу қарқыны 110,4%.

Аудан экономикасының ең маңызды саласы инвестициялық саясат болып табылады. 2017 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі –  4 млрд. 631 млн теңгені құраса, 2018 жылы бюджеттік инвестиция көлемі – 4 млрд. 500 млн. теңге, жеке қаражат есебінен – 3 млрд. 665 млн. теңге болып отыр.

2019 жылға негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 107 пайыздық өсіммен 8 млрд. 800 млн. теңгеге жетуі күтілуде.

Салықтық түсімдер бойынша.

Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түскені  1 млрд. 624 млн. 629 мың теңге немесе жоспар 112,5 пайызға орындалды. (Былтырғы жылмен салыстырғанда 169 млн. 231 мың теңгеге артық). Оның ішінде: республикалық бюджетке жоспар бойынша 329 млн. 703 мың теңге болса, түскені 359 млн. 68 мың теңге немесе 108,9 пайызға орындалды. Жергілікті бюджетке түскен түсім 1 млрд. 265 млн. 561 мың теңге немесе 113,6 пайызға орындалды. Оның ішінде меншікті кіріс 497 млн. 596 мың теңге немесе 109,9 пайызға орындалды.

Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша.

  Ауданның коммуналдық шаруашылық саласында 2018 жылы «Сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту» бағдарламасы аясында Сарыөзек ауылының кәріз жүйесінің құрылысының 1-ші этапына бюджеттен 515 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Архарлы ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы жұмысына 44 млн. 224 мың теңге, Майтөбе ауылының су жүйесін күрделі жөндеуге 118 млн 413 мың теңге, Тастыбастау ауылының ауыз су жүйесінің құрлысына 78 млн. 990 мың теңге, Қаспан ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 167 млн. 771 мың теңге, Жаңалық ауылының ауыз су жүйесін жаңғырту және құрылыс жұмыстарына 120 млн. теңге, Шанханай ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау, ұңғыманы бұрғылау және су іркуіш ғимараттарын құруға жалпы соммасы 165 млн. теңге қаржы бөлінді. Елді мекендердің 2018 жылы ауданның  орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 87,5 пайыздан 94 пайызға жетті.

Сарыөзек, Қарашоқы, Көксу, Жайнақ батыр ауылдарының көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 9 млн. 278 мың теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында Д.Қонаев атындағы орта мектебі, Ақбастау негізгі мектебі, Қарымсақ орта мектебі, Жаңалық орта мектебі, Доланалы орта мектебі, Қазансу бастауыш мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 43 млн. 597 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы 6 млрд 974 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауданның 13 ауылдық округінде қызметтік үймен қосарланған учаскелік полиция пунктерінің құрылысына жергілікті бюджеттен 252 млн. 408 мың теңге қаржы бөлінді. 2017 жылы 4 мың 628 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2018 жылы барлығы 6 мың 184 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, нақты көлем индексі 133,6% орындалды. 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 124 га жер телімінің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын салуға 258 млн. 761 мың теңге бөлініп, ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы аталған жер телімдеріне электр желісінің құрылысын жүргізуге 387 млн. 294 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған жер теліміне көше жолдарының құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 22 млн. 200 мың теңге қаржы бөлінді.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінші бастамасын орындау  мақсатында аудан орталығында жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 124 га жер телімінен 1,4 га жер учаскесін инвестициялық жоба арқылы салынатын екі пәтерлі 10 үй және төрт пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлерді салу үшін бөліп беру қарастырылуда. 

Жолдарды жөндеу жұмыстары.

Аудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 493 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 162 км, облыстық маңызы бар жолдар – 270 км, жергілікті маңызы бар жолдар – 61 км.

2018 жылы облыстық маңызы бар Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ автомобиль жолының 43 шақырымына 1 млрд. 600 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жоламан ауылының кірме жолының 14 шақырымына 400 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарыөзек ауылының жаңа ықшам ауданындағы жалпы ұзындығы 7 км көшелеріне және Масанов көшесіне жалпы соммасы 114 млн. 270 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағаш ауылының Алдабергенов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 10 млн. 258 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жоламан ауылының Түркістан, Мұрзакәрімов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына 17 млн. 586 теңге қаржы бөлінді. Жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Қызылжар ауылының Абай көшесінің 1,4 км жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 20 млн. 517 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Басши ауылының Шормақ батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы 23 млн. 448 мың теңгені құрады.

Шанханай ауылдық округінің Қоянкөз ауылының Амангелді көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 20 млн. 488 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қоғалы ауылының Желтоқсан көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 млн. 701 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

2019 жылы Сарыөзек ауылының 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына жалпы соммасы 163 млн. 989 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Қоғалы, Сарыбұлақ, Сарыбастау, Басши, Жоламан, Қызылжар, Шұбар және Жайнақ батыр ауылдарының 16 көшесіне жалпы соммасы 259 млн. 569 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қоғалы ауылдық округіне қарасты Шаған ауылының кірме жолының орташа жөндеу жұмыстарына 200 млн. 800 мың теңге қаржы бөлінді.

Халықты жұмыспен қамту.

2018 жылы жұмыспен қамту бөліміне 2170 адам өтініш білдіріп, 2131-і жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері 341 адамға ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілді. 1293 – жаңа жұмыс орындары ашылып, орташа еңбекақы – 96 297 теңгені құрады.          

Жұмыссыздық деңгейі 4,6 % деңгейінде.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсікерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 242 жұмыссыз адам кәсіби оқыту және қайта даярлау курстарына  жіберілді. 240 адам оқуды аяқтап, 211 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қайта даярлау курстарына бөлінген 44 млн. 937 мың теңге 100% игерілді.

Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 56 жеке кәсіпкер 184 млн. теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін ашып және кеңейтіп, жұмыстарын жандандыруда. Шағын несие алған   56 жеке кәсіпкер бүгінгі күні 66 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. 11 азаматқа 240 мың теңгеден жалпы соммасы 2 млн. 645 мың теңге көлемінде қайтарылмайтын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша 2018 жылы 7 мекемеге 33 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарға 341 азамат жіберіліп, 17 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бөлінген 47 млн. 531 мың теңге толық игерілді.

Жастар практикасын ұйымдастыруға 16 млн. 239 мың бөлініп, қаржы толығымен игерілді.  63 адам жастар практикасынан өтіп, 38 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Білім беру саласы.

2018 – 2019  оқу жылында  ауданымызда  орта білім беру саласында 52 мектеп бар. Оның ішінде 33 орта білім беру, 7 негізгі,  12 бастауыш  мектеп.  2018 – 2019 оқу жылында,  ауданымызда 8 508 оқушы білім алуда.

 Аудан  бойынша 7 - мемлекеттік, 26  мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жүргізуде.  Барлық балабақша саны -  33.

Бүгінгі күні балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы – 97 пайызды құрап отыр.

Аудан бойынша ыстық тамақ ұйымдастырылған 33 мектепте  7 800 оқушы тамақтанумен қамтылған, ол жалпы оқушылардың 92 % құрайды. Оның ішінде жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылғандар саны – 917. 8 мектепте буфеттік тамақ ұйымдастырылған, буфеттік тамақпен 199 оқушы қамтылған.

Ауданымыздың 23 мектебінде 291 оқушыға тегін тасымалдау ұйымдастырылды. Денсаулығына байланысты 52 оқушыға үйден оқыту ұйымдастырылды.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасын іске асыру бойынша ауданымызда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2017-2018 оқу жылында мектеп бітірген 50 түлек республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Талдықорған гуманитарлық-экономикалық, Бизнес және сервис колледждеріне тегін оқуға түсті.

Білім саласындағы жаңа реформаларды меңгеру мақсатында аудан  бойынша 1759 мұғалім және 22 мектеп директорлары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылған курстарға қатыстырылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл – 75,6. Білім сапасы – 60 %.

Денсаулық сақтау саласы.

Денсаулық сақтау саласы бойынша халыққа 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана,  15 дәрігерлік  амбулатория,  29 медициналық пунктер, жұқпалы аурулар бөлімшесі қызмет  көрсетеді. Ауданымызда 62 дәрігер, 375 орта медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады.

2019 жылы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне және асханасының күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Шанханай, Көксу, Талдыбұлақ ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысының және Аралтөбе ауылының дәрігерлік пункт құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 25 млн. теңге қаржы бөлінді.

Мәдениет саласы бойынша.

Бүгінгі күнге мәдениет, мұрағат мекемелерінің саны – 29 нысанды құрайды. Оның ішінде: 9 мәдениет үйі мен 2 клуб, 16 кітапхана, 1 музей, 1 архив. Барлығы 110 адам қызмет атқарады.

2018 жылы бюджеттен мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 149 млн. 604 мың теңге бөлінді, оның ішінде мәдениет үйлеріне – 83 млн. 357 мың теңге,кітапхана және тілдерді дамытуға – 59 млн. 392 мың теңге.

Аудан бойынша  «Халықтық» атағы бар Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің халықтық ұлт аспаптары оркестрі жұмыс істейді.

Мәдени мұралар, ескерткіштерді қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтерде орналасқан тарихи мәдени ескерткіштерге сенбілік абаттандыру жұмыстары өткізіледі.

Ауданда орналасқан тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны – 238, оның ішінде: археологиялық ескерткіштер – 231, қала құрылысы және сәулет ескерткіші – 7. Ескерткіштерді құжаттандыру істері атқарылып, жыл сайын күрделі, ағымды жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Аудандық кітапханаға қарасты 1 балалар, 14 ауылдық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Барлығы 240 519 кітап қоры бар. Оның ішінде  85 952 кітап мемлекеттік тілде.

2018 жылы кітапханадағы оқырмандар саны 19 500 болып отыр. Мәдениет мекемелері тарапынан барлық негізгі көрсеткіштердің орындалуы, жинақталған мәдени құндылықтарға кеңінен қолжетілімділікті қамтамасыз етуі, кітап оқуға, тілге, отандық тарихқа және мәдениетке тұрақты қызығушылықты қалыптастыру бойынша барлық кітапханаларда жылдың басынан осы аты аталған бағыттарда жоспар жасалынып, оның орындалуы қадағалануда.

Өткен жылдың 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Күреңбел» фольклорлық этнографиялық ән-би ансамблінің тұсау кесері болып өтті. Ансамблдің құрамына ауданымыздың жас өнерпаздары тартылып, өз өнерлерін аудан жұртшылығына паш етті.

Спорт саласы бойынша.

Елбасы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы деп, алдағы уақытта атқаратын басым 7-бағытты айқындап берді. Осы Жолдаудың 6-шы бағытында спортпен шұғылдану әр азамат үшін маңызды екені айтылған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасында 2020 жылға қарай Қазақстан халқының бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарын 30 пайызға жеткізу қажеттігін де ерекше айтқан еді. Елбасы халықтың 30 пайызын спортпен және тұрақты дене шынықтырумен айналысуын қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүктеген болатын. Қазақстан Республикасының спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі 2016 жылдан бастау алса, бүгінгі күнге атқарған жұмыстар нәтижесі төмендегідей; ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар жалпы халық санының 28,8%-ын, яғни, 13 417 адамды құрап отыр. Аудан бойынша спорттық үйірмелер саны 12.

Ауданымызда барлығы 130 спорттық нысан оның ішінде; 1 – орталық спорт кешені, 89 -  жазықтық құрылымдар, 40 - спорт зал бар. 

2018 жыл спорттық жетістіктерімізге толы болды. Азияның самбодан бес дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Құрышбаева Ділдаш Нариханқызы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарының алтын медаль иегері атанды. Дзюдодан Еуропа кубогынің жүлдегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сәдуақас Бекарыс Аргентинаның Буэнос Айрес қаласында өткен жас өспірімдер олимпиадасында Қазақстан қоржынына олимпияданың алғашқы алтынын қанжығалады. Сонымен қатар, әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркебаева Гүлмарал Румынияның Бухарест қаласында өткен әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды. Түркменістанның астанасы Ашхабат қаласында өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында Алдухан Ербол алтын медальді қоржынына салды.

Қоғамдық тәртіп.

Құқықтық тәртіп бойынша, өткен жылы ауданда 369 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 %-ға азайған (2017 ж. – 390). Қылмыстың ашылуы 65,9 %-ды құрап отыр(2016 ж. – 59,8%).

Кадрлар. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс.

Аудан әкімдігінің қызметінде кадрмен жұмыстың маңыздылығына баса көңіл аударылуда.

Мемлекеттік қызмет атқару, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан мемлекеттік қызметшіге өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін, атқаратын кәсіби қызметіне арнау бойынша  жоғары талаптар қойылады.

2018 жылы бос әкімшілік лауазымға 44 хабарландыру жарияланды, атап айтқанда 19 осы аталған мемлекеттік органдар арасындағы ішкі конкурс, оның ішінде 12 үміткер тағайындалды, 5 жоғары лауазымға; 9 барлық мемлекеттік органдар арасындағы ішкі конкурс, оның ішінде 10 үміткер тағайындалды; 16 жалпы конкурс, оның ішінде 24 үміткер тағайындалды.

Аудан әкімі аппаратында және ауылдық округі әкімі аппаратында 165 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 40,03 жас. Оның ішінде 136-ның жоғары білімі бар, олардың мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 9,5 жылды құрайды, атқарып отырған лауазымда 4,8 жыл.

2018 жылы аудан әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан 554 өтініштер, арыздар және сұраныстар түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 473, заңды тұлғалардан – 81. Өтініштер мен арыздардың басым көпшілігі жер мәселесі, одан кейінгі мәселелер – білім, тұрғын үй және жолдарды жөндеуге байланысты. Барлық өтініштер заң бойынша бекітілген мерзімде қарастырылып, жауап берілді.

Құрметті жерлестер!

Өткен жылы ауданымыз әлеуметтік – экономикалық дамуда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атқарылатын жұмыстар да аз емес. Сеніміміз бен жігерімізді жанып отырып, жаңа жылда алға қойған ауқымды міндеттерді Сіздермен бірге абыроймен орындаймыз деген сенімдемін.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.