Личный блог акима

Навигация

Фотогалерея

Баннеры

Программа продуктивной занятости и массового предпринимательства

«НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
2016 жылдың 29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен 2011 жылдан бері жүзеге асып келген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмысы тоқтатылып, жаңадан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты:
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарлама келесі міндеттерді қамтиды:
1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
 
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасын төмендегі үш бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
 
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1.1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2.1) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
 
Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
1.1) Тұрмысы төмен отбасыларының 9-11-сыныптарды бітіруші балалары, бұрын оқу орындарына түспеген адамдарға техникалық және кәсіптік білім беру.
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға қатысушылар оқуына ақы төлеу, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтылады.
2.1) Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін қатысушылар оқуына ақы төлеу, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтылады. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.
Үстіміздегі жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылатын болады.
 
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
2.1.) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2.2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.
 
2.1) «Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төленеді.
2.2) Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін; (18 152,0 мың теңге)
3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді. Яғни, жеке кәсіпкер болуға және бұрынғы жеке кәсібін одан әрі дамытуға беріледі.
 
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
3.1.) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3.2.) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3.3.) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.
 
3.1) Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:
1) кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) жастар практикасын ұйымдастыру;
5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.
 
3.2) Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
 
3.3) Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге
жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.
«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.
«Еңбек нарығы» ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.
«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті даымтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»
 
Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, елде жалпы жұмыссыздық деңгейін азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және өзге де біліктілігі жоқ адамдарды өнімді жұмысқа тарту мақсатында биылғы жылдан бастап, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                                                                           2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілді.
Бұрынғы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы»  бағдарламасының орнын басатын бұл бағдарламаның бірнеше өзгешеліктері бар. Ең бастысы бұл бағдарлама аясында бірінші кезекте жұмыссыз азаматтарға тегін кәсіби білім беру, сондай-ақ қайта даярлауға мұқтаж азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына, дуальді оқытуға тарту.  Нәтижесінде азаматтарға кәсіби білім бере отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында азаматтардың өз бетімен жұмысқа орналасуы мен өз ісін ашуға мүмкіндіктерін арттыратын қажетті мамандықтар бойынша жаппай оқыту ұйымдастырылатын болады.
Жұмыссыз тұлғаларды жұмысқа тарту үшін кәсіби білімінің жоқтығы кедергі болуы мүмкін. Жаңа бағдарлама 15 пен 45 жас аралығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және кәсіптік біліктілігі жоқ тұлғаларға жұмыс табуға немесе жаңа мамандықты тегін игеруіне де жол ашпақ.
15-24 жас аралығындағы жастар колледждерде тегін кәсіби техникалық білім ала алатын болады. ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу мерзімі - 2,5 жыл.
Бағдарламаға қатысушыларға оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі
25-44 жас аралығындағы қайта даярлауға мұқтаж азаматтар қосымша мамандық алу үшін қысқа мерзімді дуальді оқыту курстарын тегін оқи алады.
Азаматтарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен ынталандыру қарастырылған.
Қазіргі таңда барлығына бірдей жұмыс тауып беру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес. Осыған орай тығырықтан шығудың тың жолы ретінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ден қойылып отыр.
Негізгі мақсат - жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін микрокредиттеуді қолжетімді ету. Бұл оларға өз ісін ашуға немесе кәсібін кеңейтуге, кооперативтер құруға немесе кәсіпкерлікке қажетті инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба аясында қосымша жұмыс орындары құрылатын болады.
Ауыл тұрғындары үшін несиелер сомасын өтеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін және несиенің жылдық мөлшерлемесін 6% деңгейінде сақтай отырып, 8000 айлық есептік көрсеткіш немесе 18, млн 152 мың теңгеге дейін несие берілу қарастырылған.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ауылдық елді мекендерде микробизнес ашуды, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуді, кооперативтер құруды жоспарлап отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендіруді кепілдендіру қарастырылған.
Кепілдіктердің мөлшері ісін жаңадан бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-нан, ал жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасынан 50 %-нан аспайды. Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты –Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларға микрокредит беру. Микрокредитті тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берілмейді. Үміткерлер тікелей ауылдық округ әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. Микробизнес ашуды жоспарлайтын үміткер кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өткендігі  туралы сертификаттары жоқ адамдар « Бастау бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша  кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатысу үшін  жіберіледі.
Үшінші бағыт жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды және жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құруды көздейді.
Бағдарламаға қатысушыларын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру және қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру сияқты мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Сондай-ақ, елімізде жұмыс іздестірудің бірыңғай базасы «Еңбек биржасы» құрылмақ.
«Еңбек биржасы» - әлеуметтік-еңбек саласын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін, жеке агенттіктердің деректер базасын, интернет-порталды қамтиды.
Оған өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтары қосылып, жұмысқа тұру бойынша қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтіліп, қажетті құжаттардың тізімін әрі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартатын болады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуді қамтитын болады.
Портал ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса «Еңбек нарығы» ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, ҚР Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және ізденушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы Бағдарлама мен Заңға сәйкес функционалдық мүмкіндіктерімен «жеке кабинет» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушілер үшін порталда жұмыс іздеушілердің дерекқорына қолжетімділік, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жіберу, мәлімделген бос лауазымдарға сәйкес ізденушілерді іріктеу жөніндегі қызметтерді алу, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ету, жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуы және т.б жағдайларға байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты ұсыну, болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтерді жіберу,  Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жұмыс іздеушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдерді қалыптастыру сияқты мүмкіндіктер пайда болады.
Жұмыс іздеушілер үшін порталда бос жұмыс орындары базасына онлайн қолжетімділік, резюме орналастыру, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жолдама алу, Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқуға өтінімдер беру бойынша қызметтерді алу мүмкіндігі пайда болады
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.