Личный блог акима

Навигация

Информация

Фотогалерея

Баннеры

Информация

Справка о работе районного филиала партии «Нұр Отан»

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының                 8 айда атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
Аудандық партия филиалы құрамында 15 бастауыш партия ұйымы, 113 партиялық топтар, 3729  партия мүшесі  бар.
          
           Есеп және статистика секторы бойынша:
     Жыл  басынан партия қатарына қабылданғандар саны – 39, партия қатарынан шығарылғандар - 493.
  • Қызмет саласы бойынша:
  •   (мемлекеттік органдардың қызметкерлері –  165 (4,4%);
  • білім беру, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері -1626 (43,6%);
  • денсаулық сақтау саласының қызметкерлері -300 (8,0%);
  • экономика және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері – 1073 (28,7%);
  • шағын және орта бизнес өкілдері – 27(0,7%);
  • фермерлік (шаруа) қожалықтарының  өкілдері -45 (1,2%);
  • зейнеткерлер – 283 (7,6%);
  • мүгедектер – 20(0,5%); жұмыссыздар -0 (0%);
  • бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар – 179 (4,8%);
  • партия аппараттарының қызметкерлері – 4(0,01%);
   
        Партия қатарында жұмыссыздар жоқ.
Бекітілген нұсқаулыққа байланысты партия мүшелері құрамының аудитін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып,  аудандық партия филиалы бастауыш партия ұйымдарымен бірлесіп ай сайынғы салыстырып тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
2019 жылдың  8  айының қорытындысы бойынша, жарна жоспары – 8 252 963 тг құрап, жоспар орындалды.
2019 жылдың 8 айлық көрсеткіші бойынша «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2- Конференция, 1- Саяси Кеңес отырысы, 1- аудандық партия активінің отырысы,  3 - Саяси Кеңес Бюросының,  3  - Партиялық бақылау комиссиясының, 3 -  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің, 3 - депутаттық фракциясының отырыстары өтті.  Жоспарға сәйкес бөлім басшыларының есептері тыңдалып, шешімдер қабылданды.
 
Бүгінгі күнде аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе нәтижелі жұмыстар атқарылуда. «Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракция және оның мүшелерінің қызметін бағалау» ережесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу ұйымдастырылып, жалпы бағалау ережесі түсіндірілді. Сондай-ақ, бекітілген қабылдау кестесіне  сәйкес халық қалаулылары қабылдаулар өткізіп, аудандық партия филиалы ұйымдастырған іс-шараларда белсенділік танытуда.
     
          «Nur Otan»  партиясы Кербұлақ аудандық  филиалы партиялық бақылау комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары Саяси Кеңес Бюросында бекітіліп, жыл басынан комиссияның 3 отырысы өтті.
       Наурыз айында  4 БПҰ-ы төрағаларының,  мамыр айының аяғында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының, «Құтты мекен»  партиялық жобасы аясында  салынып жақтан нысандардың барысы мен арнайы  стенд орналастыру жұмыстары  туралы аудандық құрылыс бөлімі басшысының есептері тыңдалып, арнайы кеңестер берілді.
       Үстіміздегі жылдың тамыз айында Елбасының бес бастамасы аясында бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағытында  Елбасы ұсынған «7-20-25» мемлекетті бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылуы туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы А.Бұрахановтың және төртінші бастама «Шағын несие беруді көбейту» бағыты бойынша  өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында  атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысы м.а. М.Құрманбековтың  есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстары сараланды.
     
     БПҰ-ның жұмысын жандандыру тұжырымдамасын іске асыру еліміздің саяси кеңістігіндегі партияның ұстанымын нығайтуға және Қазақстанды жаңғырту тиімділігін арттыруға ықпал етеді.Осыған орай, аудандық бастауыш партия ұйымы төрағаларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, бұл тұрғыда атқарылатын жұмыстар талқыланды.
 
          Желілік кесте аясында жоспарланған шаралардың өтуі бойынша:
       2019 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша желілік кестеде жоспарланған 1210 адамның қатысуымен 127  іс-шара өткен.  Оның ішінде саяси маңызы мол құжаттарды халық арсында насихаттау бойынша 11 іс-шара өтті.
  Атап айтсақ:
«Қазақстанның кітапханалары жобасы аясында Астана қаласы күніне орай, оқырмандарды әлемде болып жатқан заманауи трендқа тарту мақсатында ауданымызда                            «Bilim Ortalygy» ашылды. Бұл орталықта бүгінгі күнде әр түрі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. (02.07.2019ж. әлеуметтік желіге орналастырылып, 05.07.2019 ж. жергілікті БАҚ-а жарияланды).
 «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 126 адамды қамтитын 15 іс-шара ұйымдастырылды.  «Ардагерім ардағым» республикалық акциясы аясында аудан бойынша ҰОС ардагері мен 10 тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетілді. «Жас Отан» ЖҚ белсенділері  мен ауылдың белсенді жастары  ардагерлердің үйлеріне көмек көрсетті.
Филиал тарапынан 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай БАҚ-да құттықтау жарияланып, ауданымыздағы ғасыр жас жасаған қарт әжелерімізді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы              А. Баталовтың құттықтау хаты мен аудан әкімі, партия филиалының төрағасы М.Бигелдиевтың сыйлықтарын тапсырып, сый-құрмет көрсетілді. (07.03.2019ж. әлеуметтік желіге орналастырылып, 08.03.2018ж. жергілікті БАҚ-а жарияланды).
Сондай- ақ, аудандық филиал қызметкерлері «Наурызchallenge» акциясы аясында ауданымыздың «Құрметті азаматы» 100-ден асқан Койгелдинов Касен атамызды құттықтап қайтты. (22.03.2019ж. әлеуметтік желіге орналастырылды).
Филиал тарапынан Астана күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Ковалев Иван Акимовичтың үйіне барып, құттықтап, сыйлық табыс етілді. (04.07.2019ж. әлеуметтік желіге орналастырылды).
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында 7                              іс-шара (қатысқан адам саны –105) ұйымдастырылды.
Аталған жоба аясында арнайы құрылған топ рейд жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос жұмыс орнын ұсыну мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды.
 
   «Мектеп асханалары» жобасы аясында
   «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 14 қаңтарынан бастап «Мектеп асханалары» жобасы аясында арнайы құрылған эксперттік топ ауданға қарасты мектеп асханаларына мониторинг жүргізді. Рейд барысында орын алған кемшіліктер бойынша білім бөліміне ұсыныстар беріліп, олар өз тараптарынан шаралар қабылдады.
 
 Мектеп спорт алаңдары партиялық жобасы аясында бүгінгі күнге аудан бойынша 4 шағын футбол алаңдарын салуға 83,3 млн теңге бөлініп, мердігерлермен келісім шарт жасалды.
      Сондай-ақ, аудан орталығында үстіміздегі жылдың маусым айында  демеушілердің ықпал етуімен 1 шағын футбол алаңы ашылып, қолданысқа берілді.
      «Балаларға арналған тегін ІТ- сыныптар» партиялық жобасы аясында аудан бойынша 3 мектепке (Сарыөзек орта мектебі, Күреңбел қазақ орта мектебі, Панфилов орта мектебі) 26,8 млн.теңге ақша бөлініп, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында IT сынып ашу жұмыстары жоспарланып отыр.
 
         «Құтты мекен» партиялық жобасы
 
      Өздеріңізге белгілі «Құтты мекен» партиялық жобасының басты мақсаты нысандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына партиялық бақылау болып табылады. Осыған орай аудан бойынша салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарына аудандық партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінен құрылған топ арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. Жалпы, «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында 2019 жылы есепті кезеңде 4 705 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып өткен жылмен салыстырғанда 102,3 пайызға орындалды.
        Осы бағдарлама аясында салынып жатқан жалпы сметалық құны 767 млн теңге құрайтын Қосағаш ауылындағы 80 орындық мектептің, Сарыөзек ауылының 18 жалгерлік үйдің құрылысы және абаттандыру мен инженерлік-коммуникациялық желісі, жаңа ықшам ауданындағы жер телімінің инженерлік-коммуникациялық желісі партия  бақылауына алынып, арнайы стендтер орнатылды.
    
       «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы енгізілгелі, әлеуметтік нысандарға жобалар дайындауға бірқатар қаржы бөлінуде.
       Аудан бойынша осы бағдарлама аясында жалпы 8 жобаға 481 млн теңге бөлініп, мердігерлермен келісім шарт жасалды. Аудан орталығының 15 - көшесін ағымдағы жөндеуге 185,6 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
 
    «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында аудан бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
       Атап айтсақ, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларына арналған атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түріне көшуіне байланысты аудандық филиалға келген отбасылардың саны артып, заң аясында оларға түсініктер беріліп келеді.
 
        Бақытты отбасы  партиялық жобасы
       Ауданда Алматы облысы әкімі А. Ғ. Баталовпен бекітілген «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында дайындалған жол картасында көрсетілген шаралар бойынша рейд жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
            Аудан бойынша көп балалы аналар саны - 2026.
2019 жылдың I жартыжылдығына аудан бойынша 891 жағдайы төмен отбасыларына (4752 адам) 209 млн. 820 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. (оның  ішінде: 579 көп балалы анаға 130 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды).
Сонымен қатар аудандық филиал төрағасы Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің ұйымдастыруымен ауданда тұрмысы төмен 12 отбасыға 6 млн 60 мың теңгеге демеушілердің көмегімен пәтер сатып әперілді.
       Сондай-ақ, көп балалы отбасыларға және жағдайы төмен отбасыларына тұрғын үй сатып алуға бюджеттен 156 млн 250 мың теңге қаржы бөлінді. 17 тұрғын үйді Сарыөзек ауылынан, 3- тұрғын үйді ауылдардан сатып алуды жоспарлап, бүгінгі күнге жауапты бөлім тарапынан конкурсқа хабарландыру берілді. 
       Сонымен қатар жағдайы төмен отбасы мүшелерінің жұмысқа тұруларына, жеке кәсіпорындарда жұмыс істеп жалақыларынан ала алмай жүрген тағы да басқа әлеуметтік мәселерге қатысты көмек сұрап келгендерге «Бірыңғай әлеуметтік терезе» республикалық акция аясында да кеңестер беріліп, біразы жұмысқа орналасып, «Nur Otan» партиясына алғыстарын білдірді.  
 
       «Қазақсанның үздік әлеуметтік жобалар» аясында ауданымыздағы «Қамқор» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Төлегенбаева Мариямхан Қуанышқызының мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  арналған жүн  және қол өнері цехын ашу жобасы аудандық комиссиядан оң баға алып, облыстық деңгейге жолдама алды.
 
Партиялық жобалардың БАҚ (телеарна, газет пен әлеуметтік желілер)жариялануы:
2019 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар саны -266, оның ішінде республикалық деңгейдегі -1, жергілікті газеттерге жарияланған мақалалар саны–24, әлеуметтік желілерге шықан пост саны – 241.
    
     Қоғамдық қабылдау
     Партия филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі бекітілген Ережеге сәйкес азаматтардың арыз шағымын қарап, оны шешуге ықпал етіп келеді.  Жыл басынан, жалпы 132 қабылдау өтіп, қабылдауға 158 азамат келген. Келіп түскен өтініштер: азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және жер учаскелерін алу, жұмысқа орналастыру мәселелерін қамтыған.  82 азаматқа заңды тұрғыдан кеңес берілсе, оң шешімін тапқан мәселе саны -50.
      «Цифрлық партия» жобасы аясында бүгінгі күнде қоғамдық қабылдауға келіп түскен әрбір азаматтың өтініш-арызы           «Е-құжат айналымы» және электронды қоғамдық қабылдау базасына енгізіліп келеді.      
  
       «Заңгерлік көмек» партиялық жобасының концепциясында азаматтар мен халықтиың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын тұлғаларға заң тұрғысынан көмек көрсетудің орны «Нұр Отан» партиясы деп белгіленген.   Осыған орай, аудандық филиалға құқық саласының мамандары шақырылып, заңгерлік көмекті қажет еткен бірқатар ауыл тұрғындарына қолданыстағы заңдар аясында кеңестер беріліп, ұдайы көмек көрсетіліп тұрады.
 
       Жастар жылы
      Биылғы жылдың "Жастар жылы" деп  жариялануы жастар саясатына үлкен серпін берді. Бүгінгі күнде  жастарды қамтитын әртүрлі  форматтағы  іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
      Атап айтсақ,  ақпан айында  аудандық партия филиалының төрағасы Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев ел намысын спорт саласында қорғап жүрген ауданымыздың жас спортшыларымен арнайы кездесті.
      Сонымен қатар, аудан әкімінің басшылығымен әр салада қызмет атқарып жүрген 100-ге жуық ауданның белсенді жастары Алматы қаласы Республика сарайында өткен Қазақстанның өнер жұлдыздарының концертіне тегін барып тамашалап қайтты.
    
ҚР Президентінің сайлауы туралы
Өздеріңізге мәлім, үстіміздегі жылдың 9 маусым күні еліміз үшін тарихи саяси науқан Президент сайлауы өтті. Бірлік пен берекенің биігінен көрініп келген Қазақстан халқы бұл жолы да жұдырықтай жұмылып, көздеген мақсаттарға бірге қол жеткізді. Біздің партия осы жолы да белсенділік танытты.
Аудандық партия филиалы жанынан қоғамдық штаб құрылып, арнайы жоспар бойынша жүйелі де нәтижелі жұмыстар атқарды. Аудан көлемінде үміткердің 69 сенімді өкілдері мен 74 партия белсенділері де өз жұмыстарын жүргізді.  
Жалпы ауданымызда  желілік кестеге сәйкес  40 іс-шара ұйымдастырылып, 10 272 үгіт-насихат құралдары таратылды.         (І толқын - 3097 (30,1℅), ІІ толқын –1553(15,1℅)), ІІІ толқын –5622 (54,3℅).
 
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде 52  жарияланым жарық көрді. «BIRGE» жалпыұлттық  акциясы аясында 2254 үгіт құралдары алынып, толықтай таратылып, ұсыныстар базаға жинақталды.
Бұған қосымша ауданның зиялы қауымы мен белсенді тұлғаларынан үгіт-насихат тобы құрылып, желілік кестеден тыс шалғай ауылдық  жерлерде сайлаушылардың қатысуымен 58 іс-шара өткізілді. Сондай–ақ, үміткердің сенімді өкілдері және белсенді мүшелері, мобильді насихат топтары «Есіктен есікке» акциясы аясында  4320  тұрғын үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.     
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 31888 сайлаушылардың 30931-і, яғни 97 пайызы біздің кандидатқа дауыстарын беріп, белсенділік танытты.
 
Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында 180 адамның қатысуымен 8 іс-шара өтті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.