Личный блог акима

Навигация

Фотогалерея

Баннеры

Проекты партии «Нұр Отан»

«Қарлы алаң»
 
«Нұр Отан»  партиясы  Кербұлақ  аудандық  филиалына  қарасты  «Шанханай»  БПҰ –да  «Бақыты  балалық»  жобасы   аясында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Балбөбек» балабақшасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндер мен  ата-аналардың  қатысуымен   «Қарлы алаң» атты тақырыпта  қыстық спорттық ойын түрлерінен жарыс  өтті.
Спорттық  ойындар  барысында  Ш.Уәлиханов  атындағы  орта  мектеп  директоры  Ләззат  Толыбаева   сөз алып, балабақшаның тыныс тіршілігімен таныстырды.
«2008  жылдан  бері  «Балбөбек»  балабақшасы  жұмыс  істеп  келе  жатыр.  Қазіргі  таңда   25  бүлдіршін  тәрбиеленуде.  20-дан   аса  бала кезекте  тұр.  Алдағы  уақытта  бұл  олқылықтын  орнын  толтырамыз.   2  тәрбиеші,  аспазшы,  бала  күтуші,  кір  жуушы  адамдар  жұмыс  істеуде.  Алақандай  ауылда  аналар мен  балалардың  арасында  алтын   көпір  болған  осындай  жарыстарды  өткізу  ертеңгі  күнге деген  сенім,  жақсы  тәлім-тәрбие  берудің  айқын  кепілі.   Осы  себепті  жарысты  ұйымдастырушыларға  алғысымды  білдірем»-деп,  ризашылығын  білдірді  Ләззат Толыбаева.  
Жарыс  басталысымен   «Құлагер»  және  «Тұлпар»  атты  екі  командаға  бөлініп,  өздерін таныстырып, топтық  ұрандарын айтып,  әртүрлі   эстофеталық  ойын түрлерінен  күш  сынасты. Ал, әділ  қазылар  алқасы мықтының  мықты  екендігін  көрсетіп,   бағаларын  берді.
«Балапандар  ғана  емес  аналарда  бірлесіп   жарыстың  жақсы  өтуіне  ат  салысып  жатыр.   Олар,  Марал Рахатова,  Данагул Шымырбекова, Нұрлан Мухамедсариев, Рабиға Абишева,  Ләззат Найзабекова белсене қатысып,  мақтау  қағаздарымен  марапатталды. Қатысушылар мен  ұйымдастырушыларға   алғысымды  білдіремін.  Балдырғандар   шеңберден өту,  кубиктерді шашу және жинау, арқан тартыс, аққала жасау сынды  ойын  түрлерін  бақтарын сынады.  Қазылар  алқасы  ретінде  қорытындылап,   «Тұлпар»  командасы   жеңімпаз  ретінде  жариялаймын.  Келгендеріңізге   көп  рахмет»-деп,     төрелігін  білдірді Мая  Жаманқұлқызы. 
Бұл  шара   ауыл  азаматтарының  спортқа  деген  қызығушылығын  тудырды.  Болашақта   игі  бастаманын  жалғасын  боларына  жұртшылық  сенімді. 
Арысбаев Медет Жұматайұлы
«Шанханай» БПҰ  мүшесі

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.