Личный блог акима

Навигация

Фотогалерея

Баннеры

Проводимые работы по молодежной политике

«Спортты серік еткен жігерлі жастар!» атты шағын футбол!
 
Аудандық «Жастар саясаты» орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылы 26 маусым күні аудан жастары арасында шағын футбол турнирі өтті. Турнирға барлығы жеті команда қатысып қызықты әрі тартысты ойын көрсетті. Турнирді аудандық «Жастар саясатының» жетекші маманы Тажибаев Ерлан Уразбайұлының салтанатты түрде ашып жарысқа қатысушы командаларға жақсы ойын көрсетулеріне сәтілік тілеуімен басталды. Турнирдің негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жәнеде ауданымыздың жастарының спорттық дайындық шеберліктерін шыңдау болып табылады. Ойын нәтижесі бойынша I – орынды Сарыөзек ауылынан құралған команда үздік көрінсе, II-орынды Шанханай ауылынан келген командалар қанжығасына байлады, III- орынды «Жасыл Ел» жасақшыларынан құралған командалар иеленіп Жастар саясаты орталығының бағалы сыйлықтарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Үздік ойын көрсеткен ойыншыларда алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Аудандық «жастар саясаты» орталығының жетекші маманы Тажибаев Ерлан Уразбаевич

 
«Жетісу- Жібек жолы» атты велосипедтік жорық өзжалғасын тапты
 
Үстіміздегі жылдың 30 маусым 6 шілде күндері аралығында Алматы облысының Шамалған, Талғар, Шелек, Шонжы, Жаркент, Қоңырөлен, Қоғалы , Рудник , Текелі, Талдықорған елдімекендері арқылы Қазақстан Республикасында велоспорттың 100 жылдығына және Астана күніне арналған «Жетісу - Жібек жолы» атты велосипедтік жорық ұйымдастырылуда.
Биылғы жылы Алматы облыстық «Жетісу» велоспорт федерациясы мен Алматы облыстық «Жастар саясаты» басқармасы бірлесе отырып жасалып жатқан іс шара, жері-жаннат, суы- шәрбәт қасетті Қарасай ауданы, Елбасы кіндік қаны тамған жер Үшқоңырдан бастау алып , Киелі мекен Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылында бесінші шілдеде өз жалғасын тапты. Жорыққа қатысушы барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Жорыққа қатысушыларды қарсы алу шарасында аудан жастары белсене қатысып Алматы облыстық «Жетісу» велоспорт федерациясының атқарушы директоры С. Жайылбаев, Қоғалы ауылының әкімі С. Исабаев Кербұлақ ауданының «Жастар саясатының » мамандары қатысушыларға ізгі тілекетерін білдіріп Астана күнімен құтықтады.
Дүбірлі додаға қатысатын барлық спортшыларға қажымас қайрат, талмас қанат, шын жүректің жарысын , тұлпардың шабысын, батырдың намысын тілейміз.
Сіздерге сәт сапар спортшылар!!!!!
 
Кербұлақ ауданының «Жастар саясаты» орталығының жетекшісі Ж. Хамидуллаева

 
Армрестлинг спортынан жарыс өтті!
 
Аудандық «Жастар саясатының» ұйымдастыруымен аудан жастары арасында 2014 жылы 16 Маусымда аудандық мәдениет үйінде армрестлинг спортынан жарыс өткізіліп , ауыл округтерден келген аудан жастарының спорттық шеберлік дайындықтары жақсы деңгейде екендігіне көрермендер қауымы куә болғандай болды. Жарысты Аудандық жастар саясатының жетекшісі Хамидуллаева Жанарым Кенжеғалиқызы салтанатты түрде ашуымен және мемлекеттік гимннің орындалуымен жарыс басталып жастарымыздың тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық рәміздеріне деген құрметтері де байқалды. Жарыс үш салмақтар бойынша 55-60кг аралығындағы және 70-80кг , үлкен салмақта 80-90кг да жастар күш сынасты . Жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, болашақ ұрпақтың жүйелі түрде спортпен айналысу қабылеттеріне ықпал ете отырып жастардың спротттық дайындық деңгейлерін арттыру болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша 55-60 кг салмақ аралығында I-орынды Шанханай ауылынан Минулла Расим , II-орынды Қоғалы ауылынан келген Жұмақ Иманғали III-орынды Сарыөзектен Мұхаметхан Дархан атты спортшылар қанжығаларына байласа 70-80кг салмақ аралығында I-орынды Жайнақ батыр ауылынан келген Назаров Дархан, II-орынды Сарыөзектен Тебереков Асхат, III-орынды Каспан ауылынан Сарықбаев Дидар есімді спортшылар үздік табылды ауыр салмақта 80-90кг I-орынды Шанханайдан Аблезов Дастан, II-орынды Каспан ауылынан Тоқан Дархан, III-орынды Талдыбұлақ ауылынан Қондыбай Маралбек есімді спортшыларымыз үздік көрініп «Жастар ресурстық орталығының» бағалы сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
 
Аудандық «Жастар саясаты орталығының» жетекші маманы Тажибаев Ерлан Уразбайұлы

 
«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ!» АКЦИЯСЫ
 
Аудандық «Жастар саясаты» орталығы және «Жасыл Ел» жасақтары бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және жалғыс басты қарияларға құрмет көрсету акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің , жалғыз басты ақсақалдардың үйіне барып үй шаруасына, қыс мезгілінің дайындығына көмек көрсету.
Игі іс-шараның басталуы Ұлы Отан соғысының ардагері , Кербұлақ ауданының құрметті азаматты Иван Акимович Ковалев ақсақалдың үйіне барудан басталды. Елінің болашағы үшін қан майданда шайқасқа түскен И. Ковалев ақсақалдың үй шаруасына көмек көрсетіп, ауласын күл-қоқыстан тазартып , қыстық дайындығына қолымыздан келгенше қолұшымызды беріп, ақсақалдың алғыс батасын алып, ашық әңгімелесудің сәтті түсті.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демекші аталмыш акцияның тағы бір мақсаты жастардың бойында үлкенге құрмет көрсету қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
 
Аудандық «жастар саясаты» орталығының жетекші маманы Тажибаев Ерлан Уразбаевич
 
 
 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.