Личный блог акима

Навигация

Фотогалерея

Баннеры

Реализация программ

Кербұлақ ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат

Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқа­тын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсар­туға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарла­ма­ларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңыз­ды бірі ауыз су мәселесі болып табылады. Елбасы атап көрсеткеніндей, осыған дейінгі «Ауыз су» бағдар­ламасын жүзеге асыру барысында ауыл­ды жердегі халықтың орталықтанды­рылған сумен қамту жүйелеріне қолжетімділігі 41 пайызға, ал қалалық жерде 72 пайызға дейін артып, суды та­сып ішетін адамдардың саны 4 есеге дейін тө­мендеген.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде халықты қажетті мөлшердегі және сапасына кепілдік берілетін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақбұлақ 2011-2020» бағдарламасы қабылданды. «Ақбұ­лақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2010 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен бекітілген. Жалпы республика бойынша «2011-2020 жылдарға арналған халықты сумен қамту жө­ніндегі «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 900 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Оны жүзе­ге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 2011-2015 жылдар ара­лығы. Екінші кезең – 2016-2020 жылдар аралығы. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ең маңызды кол жеткізетін көрсеткіш барлық ауылдық елді мекендердің 80 пайызында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, бұл көрсет­кіш қалалық елді мекендерде 100 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар бұл бағ­дарламада су шаруа­шы­­лығы ұйымдарының тиімді және рентабельді жұ­мы­сын қамтамасыз ету үшін қыз­меттердің тариф саяса­тына да мән берілген.

Бүгінгі күнге аудан бойынша «Ауыз су 2001-2010» және «Ақбұлақ 2011-2020» бағдарламалары аясында республикалық және облыстық бюджет тарапынан ауыз су жүйесінің қайта жаңғырту мен құрылысы жұмыстарына қаражат бөлініп, бірқатар елді мекендерге су жүйесі салынып, тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтылды.

Атап айтсақ, 2006-2012 жылдар аралығында 1 млрд 446 млн 832 мың теңге қаржы бөлініп, барлығы 14 елді мекенде, оның ішінде Шанханай, Қарашоқы, Сарыбастау, Беріктас, Қарағаш, Басши, Алтынемел, Аралтөбе, Көксу, Сарыөзек, Жоламан, Қоғалы, Жайнақ, Қызылжар ауылдарында су жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 6709 аула немесе 28170 тұрғын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы аудан бойынша 63 елді мекен бар, оның ішінде 45 елді мекен орталықтандырылған су құбыры арқылы, 18 елді мекен бұлақ су көздері арқылы суды пайдаланады. Жалпы су жүйесінің ұзындығы 376,96 шақырымды құрап отыр, оның бүгінгі күнге 184,5 шақырымына қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Қоянкөз ауылының су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына 122,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылы аяқаталады деп жоспарланып отыр.

2014 жылы республикалық және облыстық бюджет тарапынан елді мекендердің су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына оның ішінде:

Байғазы ауылына – 61,9 млн. теңге (Мердігер «Көлсай Строй» ЖШС-і), Архарлы кенішіне 63,9 млн. теңге (Мердігер «Баймен» ЖШС-і), Желдіқара ауылының су жүйесін қалпына келтіруге 28,7 млн. теңге (Мердігер «НАЗ» ЖШС-і) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған қосымша «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында Малайсары ауылының су жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстарына – 54,4 млн. теңге бөлініп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмысқа тартылып, құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер «Баймен» ЖШС-і.

Сонымен қатар Сарыөзек (3-кезең) су жүйесіне жобалау сметалық құжаттарына 17,9 млн. теңге, Доланалы ауылына 8,3 млн.теңге, Онжас ауылына 7,8 млн.теңге, Бостан ауылына 9 млн.теңге, Қызылмектеп ауылына 6,7 млн.теңге бөлініп, жобалары дайындалуда.

Бұған қосымша Сарыөзек ауылының сыртқы су жүйесінің қайта жаңғырту жұмыстарына 109 млн. теңге бөлініп, электронды конкурс жарияланды, қорытындысы шығарылғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының орындалу барысы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі №501 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2012 жылға кондоминиум нысандарына техникалық төлқұжат дайындау жұмыстарына 1 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл қаржыға Сарыөзек кентіндегі 11 кондоминиум нысандарына жергілікті жер телімінің мемлекеттік акт жасау жұмыстары толығымен дайындалды.

Техникалық төлқұжат дайындау жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Аудан бойынша көп қабатты үйлер саны-20. 2014 жылға кондоминиум нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3 тұрғын үй жоспарланып отыр.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2012 жылғы 17 ақпанда Сарыөзек кенті Б.Момышұлы көшесі №1 5-қабатты тұрғын үйдің пәтер иелері ынтасы бойынша «Кер-Сар» пәтер иелерінің кооперативі құрылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.