Личный блог акима

Навигация

Информация

Фотогалерея

Баннеры

Информация

Новости

Кербұлақ ауданында аз қамтылған көпбалалы 20 отбасына баспана алып берілді.

Категория: Новости
Дата: 01.11.2019
Просмотры: 16 Печать страницы

Аудандағы аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 156 млн 250 мың теңге бөлініп, 20 үй сатып алынды. Аталған тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалдамалы тұрғын үйлер қатарына жатқызылады. Кезекте тұрған отбасылардың табыстары ескеріліп, күнкөріс деңгейі әр отбасы әр отбасы мүшелеріне шаққанда 20 мың 789 теңгеден төмен есептелгенде аз қамтылған отбасылар тізіміне енеді. 
2019 жылдың 31 қазанында Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Серікбай Бәкенұлы Қожахметов үйдің кілті жаңа қожайындарына ресми түрде табыстады. Оның ішінде 2 үй Шанханай және Қызылжар ауылдық округтерінен, ал қалған үйлердің барлығы аудан орталығы Сарыөзек ауылынан алынды. Баспанамен қамтылғандардың алдыңғы қатарында, 13 баланың анасы, алтын алқа иегері Шакенова Гульназ Женисбаевна тұр. Бұл отбасыға аудан орталығынан ауданы 152,6 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үй табысталды. Ал ең азы 4 балалы, бірақ мүгедек баласы бар отбасылар. Оларға ауданы 70 шаршы метр көлемінде үй берілді. Баспаналардың ауданы отбасындағы адам санына қарай бөлінді. Олардың ішінде 2011 жылдан бері кезекте тұрғандар бар.
Тұрғын үй кілтін табыстау салтанатында, көп балалы аналар осындай мүмкіндік беріп, көмек көрсетіп отырған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевке алғыстарын жаудырып, қуаныштың көз жасына ерік берді.
Айта кетейік, жалпы аудан бойынша, 164 көп балалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 32 аз қамтылған көп балалы отбасы осы тізімге енгізілген.Бүгінгі күні, 20 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Алдағы уақытта, қалған отбасыларды да баспанамен қамту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.